$ 449.58  486.94  4.86

Дариға Назарбаева «төрағалық» қызметін жалғастырып жүр (ВИДЕО)

Республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдегі жастар бірлестіктерінің ең ірісі.
фото: realtribune.ru
фото: realtribune.ru

Сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға ұйым растады.

"Иә, Дариға Нұрсұлтанқызы Қазақстан жастар конгресін басқаруды жалғастырып жатыр. Жақында конгресс төрағасы жұмысқа байланысты жиналыс өткізді. Ол жерде конгрестің жұмыс жоспары мен өткен жылдағы қызметінің қорытындылары талқыланды", - деді Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Әсем Мәдекешова. 

"Қазақстан жастары конгресі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды. Республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдегі жастар бірлестіктерінің ең ірісі", - делінген ұйымның сайтында.

Дариға Назарбаева Қазақстан жастар конгресін 2016 жылдан бастап басқарады. 

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

Тағы оқи отырыңыз: «Дариға Назарбаева қайтып оралады» - шетелдік БАҚ

«Дариға Назарбаеваның үстінен үлкен дау-дамай басталғалы тұр» - Жанболат Мамай

«Бұл - рухани тұрақтылықты тексеретін уақыт» - Дариға Назарбаева

2020 жылдың екінші мамырында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат спикері Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мемлекет басшысы парламент сенатының төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін Назарбаеваға алғыс білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары