$ 494.87  520.65  4.91

Бас прокурор Жоғары соттан ағайынды Рысқалиевтердің жеке мүліктерін қайтарып беруді сұрады

Сот үкімімен 185 нысан, оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскесі және банк шоттарындағы ақша тәркіленген.
фото: time.kz
фото: time.kz

Бас прокурор Жоғарғы Сотқа Бергей, Аманжан Рысқалиевтерге қатысты үкімнің қайта қаралуы туралы кассациялық шағым жасады. Наразылықта олардың сыбайластары – ағайынды Рүстем Албақасов пен Ерболат Ізбасардың да аты аталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 2006-2012 жылдар аралығында Бергей Рысқалиев Атырау облысын басқарған. 2012 жылдың тамызында Рысқалиев облыс әкімінің қызметінен «денсаулығына байланысты» босатылды. Сонымен қатар, оның ағасы – мәжілісмен Аманжан Рысқали депутаттық өкілеттігінен «өз еркімен» кетті. Көп ұзамай, Қаржы полициясы прокурорлардың тексеруінен кейін ағайындыларға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бірақ. полиция оларды ұстай алмады. Ағайындылар мен олардың 9 серігі із-түзсіз жоғалып кетті.

2013 жылдың қаңтарында олар халықаралық іздеулер тізіміне алынды, бірақ, сол күйі табылмады.

Сырттай Рысқалиевтерге 2008-2011 жылдары құрылған үш ұйымдасқан қылмыстық топ кіретін қылмыстық қауымдастық құрды деп айып тағылды. «Рысқалиевтер тобына» барлығы 35 адам кірді. Оның ішінде облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат Дәукенов, Атырау қаласының әкімі Асқар Керімов, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары бар.

Бұл ретте, Бергей Рысқалиевке басқа адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз пайдалану және ысырап ету, сондай-ақ, мемлекеттен 70 миллиардтан астам теңге ұрлады деген айыптар тағылды.

Сот ісі бір жылға жуық уақытқа созылды. Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері 2,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бергей Рысқалиев сырттай 17 жылға, ағасы Аманжан 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол кезде хабарланғандай, «сот үкімімен 185 нысан, оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскесі және банк шоттарындағы ақша тәркіленді».

Алайда, өткен жылдың бірінші жартысында қауіпсіздік күштері 7 жыл бойы іздеп келген Бергей Рысқалиевті Лондонда көрген. Екінші қашқын Аманжан Рысқалиевтің қайда екендігі белгісіз.

Бергей Рысқалиевтің «қоғамдық қайта тірілуі» 2018 жылдың көктемінде Брюссельде болды. Онда өзін оппозиция деп санайтын кейбір қазақстандық қоғамдастықтар кенеттен еш тосқауылсыз жиналды. Бельгия астанасындағы кездесудің мақсаты «Қазақстан» оппозициялық қозғалысын құру болды. Бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин және қашқын әкім Бергей Рысқалиев ұйымдастырушылар деп аталды. Алайда, келесі жылдың жазында қозғалыс өзінің таратылуын жариялады.

Жалпы белгілі болғандай, осы уақыт ішінде Бергей Рысқалиев Қазақстандағы ішкі саяси оқиғаларға белсене араласқан. 2019 жылы мамырда Қажыгелдин мен Рысқалиевтің қатысуымен «оппозициялық күштердің» келесі конференциясы Парижде өтті. Сол жылдың күзінде «Дат» газетінің «бас оқырманы» және «Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) сол кездегі төрағасы Ермұрат Бапи бұрынғы жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың кезінде партияның біреуге 200 мың доллар қарызы болған және қарыздың жартысын Бергей Рысқалиев жапты, сондықтан ол партияның қожайыны деген мәлімдеме жасады.

Одан 6 айдан кейін Бас прокуратура «Істі тергеу барысында көрсетілген мүліктерді заңсыз тәркілеу туралы өтініштердің дәлелдері расталды» деп мәлімдеді. Бюджет қаражатын аса ірі көлемде игерудің басталуы 2008 жылдың желтоқсанында танылды. Бірақ, сот қылмыскерлердің мүлкін қылмыстық іс басталғанға дейін тәркілеген.

Істі қарағаннан кейін Бас прокурор Нұрдаулетов Бергей Рысқалиевке Нұр-Сұлтан, Атырау және Ақтөбедегі үш жер учаскесін, Атыраудағы үйді, сондай-ақ, Алматыдағы жерасты гараждарын қайтаруды ұсынып отыр. 

Сонымен қатар, Бас прокурор сот тәркілеген мешітті Бергей Рысқалиевке тиесілі деп саналған Атырау облысындағы мешітті қайтаруды сұрайды. Наразылықта көрсетілгендей, мешіт Бергей Рысқалиевтің атасына тиесілі. Ол оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына берген, сәйкесінше, Бергей оның қожайыны болмаған.

Сонымен қатар, прокурор Бергей Рысқалиевке AE және K жарғылық капиталындағы 80% үлесті (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу) және осы ЖШС-ге тиесілі басқа компаниялардағы барлық үлестерін қайтаруы керек деп санайды. Сосын оған «Мадиниет Плюс» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін (компания жылжымайтын мүлікпен айналысады), «A-Printing» ЖШС-нің 45% қатысу үлесін (Ақтөбедегі ең ірі баспахана), 45% үлесін қайтару қажет екен.

Бас прокурордың айтуынша, Аманжан Рысқалиевке Атыраудағы жер учаскелері мен Ақтөбедегі үйлерді, «Батыс-Мұнай» ЖШС (ірі сервистік мұнай компаниясы) және «МК-Бизнес» ЖШС (құрылыс компаниясы, акциялар пакеті) үлестерін қайтару да әділетті шешім болмақ.

Жоғарғы сот Бас прокурордың наразылығын қарауды 23 маусымға белгілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары