Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин режимін сақтауға шақырып тағы бір twitt-жазба қалдырды, - деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Барлық азаматты дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын», - деп жазды ол Twitter парақшасында.
Сондай-ақ ол бұл жазбасында «Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін!» деп Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның тезірек сауығып кетуін тілеген.
Естеріңізде болса, бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын.