$ 494.87  520.65  4.91

Ресей тұрғыны 26 жыл бойы көшеге шығармаған қызын көрсетті

Ол 14 жыл жуынбаған, шашы ұйысып, киізге айналған.

Ресей тұрғыны дінге қатты беріліп кеткені соншалық қызын сырт көзге мүлде көрсетпей өсірген. Анасы мен қызы адамшошырлық жағдайда өмір сүріп келген, деп жазды Stan.kz. 

Анасы мен қызы тұрған үйдің жағдайы жасалмаған. Тазалық сақталмаған. Құлағалы тұрған үйде өмір сүрген. Алайда айқай-шусыз ешкімге зиян келтірмепті. 

"Кстати" телеарнасының хабарлауынша, анасы зейнетақысын алғанда дүкеннен азық-түлік алып отырған. Бұл кезде қызы үнемі үйінде қалады. 

Анасы мен қызы үйіне ешкімді кіргізбеді. Ешқандай көмекті қабылдамады. Бұл жайлы әйел адамды ауруханаға жатқызған соң белгілі болды. Қызы 26 жыл тұрған үйде жалғыз өзі қалып қойған. Надежда 42 жаста. Ешқандай құжаты жоқ. 8-сыныптан соң оқуды тастаған. Ол 14 жыл жуынбаған, шашы ұйысып, киізге айналған. 

Жергілікті әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Надежданың ешқандай психологиялық ауытқушылығы жоқ екенін айтты.

Бұл оның өз таңдауы. Соған бойы үйреніп кеткен. Үйін тазалап беруден, жөндеу жұмысын жүргізуден бас тартты. Анасының осындай талабы қызын жабайы қылып жібергенге ұқсайды. Көршілерінің айтуынша, бұған дейін олар қалыпты отбасындай өмір сүрген екен.

Надежданың анасы журналистердің сұрағына жауап бермеді. Не себепті мұндай күйге түскені, қызын неліктен сыртқа шығармағаны туралы тіс жармады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары