Коронавирустың таралуына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде Қытай Үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы Алматы қаласының халықаралық әуежайына жеткізілген. Оның ішінде СOVID-19-ті анықтауға арналған 50 мың тест бар, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жүк құрамында COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйелер, сондай-ақ 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 дана түйіспесіз термометр мен 30 мың қорғаныс костюмі және 600 мың маска бар.
Қорғаныс құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдар арасында таратылады.