«Ақтау қаласының әкімдігі, Ақтау қалалық мәслихаты Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алдашева Гүлжазира Тасеменқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Гүлжазира Алдашева - білімді де білікті мемлекеттік қызметкер, шебер ұйымдастырушы, өлкенің мәдениет саласында өзіндік орны бар маман еді. Жауапкершілігі мол, әр істе ұқыпты, қызметте мұқияттылығымен ерекшеленді. Әріптестерімен ақыл-кеңесімен бөлісіп отыратын, тәрбиесімен де, мінезімен де ұжымда аса сыйлы болды. Ақтау қаласының әлеуметтік саласына үлкен еңбек сіңірген әріптесіміз, аяулы Гүлжазира Тасеменқызы, бақұл болыңыз!», - деп жазған Ақтау қаласы әкімдігінің ресми facebook парақшасы.
КТК сайтының жазуынша, Гүлжазира Тасеменқызы 3 шілде күні пневмониядан көз жұмған.