Белгілі заңгер, Ұлттық кеңестің мүшесі Айгүл Орынбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Үкіметті толықтай доғарысқа жіберуді талап етіп тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол бұл жолы Премьер-министр Асқар Маминге, «командаңды жина да отставкіге кет», - деп сес көрсеткен.
«Өлетін ҮКІМЕТ молаға қарай жүгіреді! Халықтың қытығына тие бермей, Мамин, командаңды жина да отставкіге кет! Президент Қ. Тоқаев мырза! Екі апта берген үкіметіңіз халықтың жағдайын емес, тәжіктердің жағдайын ойлап жүр! Дәрі- дәрмек әлі жоқ ауруханаларда, халық өзі тасып жүр! ДЕМ жетпей өліп жатқан ҚАЗАҚТАР! Естисіңдер ме мені? Өліп жатқан ҚАЗАҚТАР! Бір отбасыда үш адамнан өліп жатыр! Халықтың бәрін үйде емделіңдер деп, үйге қуып тықтыңыздар, үйде дем жетпей өліп жатқан ҚАЗАҚТАР! Халқымыз дем жетпей, қара жердің астына көшіп жатқанда, мынау не жағымпаздық? Тағы қанша ҚАЗАҚ өлу керек Тоқаев? Демді бірінші өз халқыңа бер! Өліктердің үстіне от шаштыңдар, тірі қалғандарды ішін удай ашытып күйіктен өлтірейін дедіңдер ме?! Шыдамның да шегі бар, тыныш жатқан жерде бір күні қопарып астына түсіреді! Халықтың сабырымен ойнамаңдар!», - - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Айгүл Орынбек бұған дейін де ел президенті Қ.Тоқаевтан Үкіметті оставка жіберуін сұрап бірнеше рет жазба жариялаған еді.
Сонымен қатар, Тоқаевтың Үкіметті бірден тарата салмай, тағы бір мүмкіндік бергеніне наразылығын білдірген болатын.