$ 494.87  520.65  4.91

Сәтбаев қаласы әкімінің отставкаға кету жөніндегі өтініші қабылданбады

Ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
фото: youtube.com
фото: youtube.com

Жарты жылдағы жұмысын қорытындылаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысовқа қатысты жайттардың басын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Сәтбаев қаласының әкімі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін отставкаға өтініш берген.

«Ал сол қылмысты жасаған Кунедилова ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталып, оған белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынған. Сондай-ақ, ол 12 миллион теңге сомасында айыппұл төлейді», - деп мәлімдеді агенттіктен.

Алайда, әкімнің отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары