$ 448.15  483.46  4.86

Масканы дұрыс тақпағаны үшін әкім орынбасарына айыппұл салынды (ВИДЕО)

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов тұрғындармен бетпердесін түсіріп қойып сөйлескен.

Сот Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркеновке маскасын иегіне дейін түсіргені үшін 27 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды  31 арна жаңалықтары.

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, бұл оқиға осыдан бірер ай бұрын болған. Сол себепті, тәртіп бұзған әкімге бетпердесіз жүргендер үшін тағайындалған 83 340 теңге айыппұлдың шамамен үштен бірі ғана салынған. 

«Бұл сәуір айында, елде төтенше жағдай режимі болған кезде болды. Әкімнің орынбасары тұрғындармен сөйлескен кезде бетпердесін түсіріп қойып сөйлескен. Құқық бұзушылық сәті әлеуметтік желілердің қолданушылары арасында қызу талқыға түскен соң оған әкімшілік шара қолданылған», - деп жазған аталмыш дерек көзі.

Полиция хаттама жасап, іс сотқа жолданды. Шенеунікке 10 АЕК - 27780 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін прокурорлардың айтуы бойынша Рүстем Қаркенов айыппұлды төлеуден босатуды сұрады.

Бірақ прокуратура аппеляциялық шағым түсіріп, әкімнің орынбасары айыппұлды төлеуге мәжбүр болған.

«Негізінде, мен бетпердені шешкен жоқпын. Сотта мән-жайдың бәрін айттым, басқа ештеңе айта алмаймын. Негізінде, егер мұндай шешім қабылданса ... Бірақ менің пікірім - біржақты көзқарас», - деп түсіндірді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов.

Көшеде маскаларды міндетті түрде киюді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері 29 шілдеде мақұлдады. Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаныдарға салынатын  айыппұл мөлшері 30 АЕК яғни 83340 теңгені құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары