Саясат 07.08.2020 сағат 13:00

Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды

Бұйрыққа Президент қол қойды.
Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды
фото: kaztag.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар