АҚШ адам саудасына байланысты Қазақстанға санкциялар салуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Бақылау тізімінде немесе үшінші деңгейдегі елдердің тізімінде болу АҚШ тарапынан белгілі бір санкцияларға, соның ішінде саудаға қатысы жоқ гуманитарлық емес шетелдік көмек көрсетуден бас тартуға, сондай-ақ білім беру және мәдени алмасу іс-шараларын қаржыландырудан бас тартуға әкелуі мүмкін», - деп атап өткен омбудсмен Эльвира Әзімованың бейсенбіде премьер-министр Асқар Маминге жолдаған хатында.
Эльвира Әзімованың тағы бір қауіптеніп отырған нәрсесі, ол- халықаралық қаржы институттары тарапынан мүмкін болатын экономикалық және инвестициялық шектеулер, атап айтқанда – Қазақстанда іске асырылатын жобаларды қолдау көлемінің қысқаруы.
«Біздің елдің «бақылау тізіміне» деп айдар тағылған елдердің қатарына енуі, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ел Үкіметі алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда адам саудасына қарсы күрес бойынша күш-жігердің көп жұмсалғандығы туралы дәлел келтірмегенін көрсетеді. Сондай – ақ, бұл факт біздің елімізде осындай қылмыс құрбандарының абсолютті санының артқанын көрсетеді» , - деп санайды Әзімова.
Адам саудасының және қылмыстық жауапкершілікке тартудың анықталған жағдайлары бойынша Қазақстандағы ресми статистика көрші елдерге қарағанда едәуір төмен.
«Бұл мұндай қылмыстарды анықтау, тергеу және жазалау бойынша жұмыстың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Омбудсмен адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арнайы әлеуметтік қызметтерге, оның ішінде дағдарыс орталықтарында уақытша орналастыруға да қол жетімділіктің жоқтығына да назар аударды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2019 жылғы Адам саудасы туралы жыл сайынғы баяндамасы жарияланған еді.