$ 447.4  477.55  4.76

«Жалақым 750 мың теңге» - СК-Фармация төрағасы

Келесі кеңес отырысында Ерхат Есқалиевтің жалақысы тағы өсуі мүмкін.
фото: exclusive.kz
фото: exclusive.kz

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының жалақысы алдағы кеңесте бекітіледі. Ал әзірге компания басшысының жұмысы үшін 750 мың теңге төленеді екен. Бұл туралы компанияның басшысы Ерхат Есқалиевтің өзі айтты, деп хабарлайды zakon.kz сайты.

«Жалақым 750 мың теңгеден басталады, бірақ жұмысқа кіріскеніме бір ай болған жоқ әлі, жалақымның деңгейін келесі кеңесте бекітуіміз керек», – деді ол.

Оның сөзінше, компанияда әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аренда шығындарын 10% және жекелеген алаңдар санын 20%-ға қысқарту жоспарлануда.

Бұрын тек қана мемлекеттік медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізетін «СК-Фармация» енді бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар желілерімен жұмыс істемек ниетте.

«Шекті бағаларды Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Біз өз бағаларымызға логистика мен сақтау шығындарын ғана қоспақпыз. Біз өз бағаларымыздың құралуын ашық көрсетуге тырысудамыз, біз үшін бастысы – қажет жерлерде дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде болғаны. Бұл жерден ақша табу мәселесі қарастырылмайды. Жұмыс тобы аясында осы мәселелерді реттеуге тырысамыз», – деді Есқалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары