$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда заң мен тәртіпті «белден басқан» өзбекстандық 10 жезөкше ұсталды

«Жеңгетайлық» жасаған қонақ үй әкімшісінің қолына кісен салынды. Ал «түнгі көбелектер» еліне қайтарылады.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Талдықорғанда тәнін саудалаған шетелдік қыздар ұсталды. Қонақ үйде күндіз-түні «тер төккен» «түнгі көбелектер» карантин талаптарын сақтамағаны үшін де жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шекараны заңсыз кескен жезөкшелер елде алаңсыз жүрген. Қонақ үйде «қызмет қылған» он қызға талдықорғандық келіншек жеңгетайлық жасаған. 29 жастағы әйел бұл жерге клиенттер әкеліп, карантин талаптарын да өрескел бұзған. «Түнгі көбелектер» де коронавирустан еш сақтанбапты. Жезөкше іздеп келген жігіттер де сақтық құралын пайдаланбай, тәртіп сақшылары сау етіп кіріп келгенде, киімін әзер тауып киді.

Сылқымдар – Өзбекстан азаматтары. «Жеңгетайлық» жасаған қонақ үй әкімшісінің қолына кісен салынды. Ал «түнгі көбелектер» еліне қайтарылады.

«Ұсталған адамдар қылмыстық есеп базасында тексеріліп жатыр. Жезөкшелікпен айналысу, жезөкшелер ордасын ұстау, «жеңгетайлық» және карантин талаптарын бұзғаны үшін сол мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды», - деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары