Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып Жақып Асанов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Твиттер-парақшасында хабарланды.
Бұған дейін Ж.Асанов Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген. Ол қызметтен кеткен Асхат Дауылбаевты алмастырды.
Бас прокуратураға келместен бұрын Асанов ҚР Парламент Мәжілісінің IV және V шақырылымдарында депутат болған. Сондай-ақ, бір жылдай уақыт "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағында атқарушы директордың орынбасары лауазымында болды. Еңбек өтілінде ол ҚР Әділет вице-министрі, Павлодар облысының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары сынды қызметтерді де атқарған.