$ 448.15  483.46  4.86

Асхат Дауылбаев жаңа қызметке тағайындалды

Кеше ғана Қазақстанның бас прокуроры лауазымынан босап қалған Асхат Дауылбаев Конституциялық кеңестің мүшесі болып тағайындалды деп жазады Tengrinews.kz.

Мұндай шешімді Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгінгі алқалы жиында бірауыздан қолдаған.

Сондай-ақ, жиын барысында бұған дейін Конституциялық кеңеске мүше болып келген Ілияс Бақтыбаев өз еркімен бұл құзыреттен бас тартатынын мәлімдеді. Оны Мәжіліс депутаттары 2014 жылдың 5 наурызында Кеңестің мүшесі етіп сайлаған болатын.

Халық қалаулылары Дауылбаевтың заң саласындағы кәсіби біліктілігін, прокуратура органдарын ұзақ жылдар басқарғанын ескере отырып, оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Асхат Дауылбаев 2011 жылдың сәуір айынан бастап 2016 жылдың сәуірі аралығында ҚР Бас прокуроры қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары