$ 494.87  520.65  4.91

«Шенеуніктер гуманитарлық көмек деген желеумен шетелге ақша шығару ісін қолға алды» - сарапшы

Бүгінде оффшорға шығарылған ақшалардың ізін жасыру мүмкін емес боп қалған.
фото: facebook.com/kuanys
фото: facebook.com/kuanys

Қазақ Үкіметінің кедей елдерге көмектесу мақсатында «KazAID» деп аталатын жаңа агенттік құру туралы бастамасы қазақ қоғамында қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылардың басым көпшілігі «өз халқын жарылқай алмай жатқанда, бұл қайдан шыққан жомарттық» деп әлден-ақ өз қарсылықтарын білдіріп жатыр. Қоғам белсендісі әрі сарапшы Қуаныш Еділхантегі бұл бастамаға «шетелге ақша жытылдырудың бір амалы!» деп баға берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісінің айтуынша, бүгінде оффшорға шығарылған ақшалардың ізін жасыру мүмкін емес боп қалған. 

«Кедей елдерге көмектесу агенттігі туралы.
Оны құруға үкімет 138 млн теңге бөліп, жедел құруға кірісіп кетті деп жазып жатыр осында. Соншама неге жедел кірісті? Оның да себептері айтылды жобамен. Әрине, ресми мағлұмат емес, бірақ шындыққа келеді: қазір шетелге ақша шығарудың ең дұрыс жолы осы - кедей елдерге көмек көрсету.

Неге? Себебі оффшорға шығарылған ақшалар түбінде тексеріледі. Қазақстандағы барлық счеттарды, оның ішінде банктердегі ақша аударым құжаттарын жойып жібергеннің өзінде де шетел банктеріндегі құжаттарды жоя алмайды, сондықтан дұрыстап тексерсе бәрібір ол ақшалар қалқып шығады», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Автордың ойынша, бүгінде елден жасырып сауда жасау еш мүмкін емес.  Қазақ шенеуніктерінің ұзақ жылдар бойы шетелге тасыған байлығының барлығы түбінде. бір ашылады

«Қазіргі кезде Ұлттық қордағы ақшалар 6 елде бұғаттаулы тұр дейді, яғни ол да қауіпті жол. Жылжымайтын мүлік сатып алу да қауіпті - ертең бәрібір бұғатталады.

Ендігі жол - гуманитарлық көмек деген сылтаумен шетелге ақша шығару. Екі КАМАЗ жүк берсең, бес КАМАЗ бердім деп, қалғанын ақшалай шығарасың. Әйтпесе өзі жалаңбұт отырып, біреулерге көмек берем дегені масқара ғой. Мен солай ойлаймын. Бұлар тегіннен-тегін ештеңе де жасай қоймас», - деп атап өткен қоғам белсендісі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары