$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚСК құрамынан қоғам қайраткерлері шығарылып, блогерлер қабылданды

«Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам және Жәнібек Қожық шығарылды», - деп хабарланды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында кезекті ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ротация аясында бірнеше тұлғалар қоғамдық кеңестен шығарылды.

«Ұлттық кеңес құрамынан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушы Бағдат Мусин, белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев, қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам және Жәнібек Қожық шығарылды», - деп хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары