$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан сатып алмақ болған Ресей вакцинасына АҚШ санкция салып үлгерді

Құжатта вакцина жасаған мекеме Ресейдің химиялық және биологиялық қаруды жасау бағдарламасымен байланысы бар деп Вашингтонның күдіктенетіндігі айтылған.
Фото: lenta.ua
Фото: lenta.ua

АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы Мәскеу мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтын (ГосНИИОХТ) және Ресей Қорғаныс министрлігінің екі ғылыми-зерттеу институтын қара тізімге енгізді, деп хабарлайды zakon.kz сайты.

РИА Новостидің хабарлауынша, тиісті құжат АҚШ-тың Федералды реестрінде жарияланған.
Сауда министрлігінің, мемлекеттік департаменттің, Пентагонның, Энергетика министрлігінің және АҚШ-тың Қазынашылық министрлігінің өкілдері кіретін комитет бекіткен шешімге сәйкес қара тізімге:
- Ресей Қорғаныс министрлігінің 33-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты (Саратов облысы);
- 48-ші Қорғаныс министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу институты (Киров қ.), Екатеринбург пен Сергиев Посадтағы филиалдарын қоса алғанда;
- "Органикалық химия және технологияның мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты" Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны (ГосНИИОХТ).

Бұйрықта жоғарыда аталған мекемелер Ресейдің химиялық және биологиялық қаруды жасау бағдарламасымен байланысы бар деп Вашингтонның күдіктенетіндігі баса айтылған.

Оқи отырыңыз: «Қазақстан АҚШ-тың санкциясына ұшырауы мүмкін» - сарапшы

Іс жүзінде АҚШ әкімшілігінің қазіргі шешімдері қара тізімге енгендерге АҚШ-тың экспорттық бақылауын күшейтетінін білдіреді. Бұл, шын мәнінде, оларға лицензия беруге тыйым салу, АҚШ-та екі мақсатты өнімді сатып алуға мүмкіндік беру. Сол секілді коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауға қатысқан Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу институты да шектеу шараларына ұшыраған.

Сенатор Олег Морозов Вашингтонның шешімін вакцина жасауда сәтсіздікке ұшырауының көрінісі деп түсіндірді. Оның пікірінше, АҚШ Ресейдің дәрі-дәрмегін Батыс нарықтарына кіргізгісі келмейді, бірақ ол кез келген жағдайда сұранысқа ие болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары