$ 494.87  520.65  4.91

«Пара берсең шығасың, бермесең полицейлер ұрып-соғып, істемеген қылмысыңды істедің деп мойындатады» - заңгер

Басты куәгер кімнің атқанын көрген, алайда Сайрам ауданының полиция қызметкерлері басқа адамды ұрып соғып мойындатқан!
фото: forumdaily.com
фото: forumdaily.com

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Бас Прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі және Жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарына деп бір бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің жариялаған бұл видеосында Сайрам ауданының полиция қызметкерлерінің адамдарды ұрып-соғып істемеген қылмысын мойындататыны айтылған. 

«Бас Прокуратура назарына!

Ішкі Істер Министрлігінің назарына!

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарына!

Басты куәгер кімнің атқанын көрген, алайда Сайрам ауданының полиция қызметкерлері басқа адамды ұрып соғып мойындатқан!

«30000 $ берсе істі 99 шы баптан, 104 ші бапқа ауыстырамыз»- деп уәде берген екен!

Прокурор ұрып соғып жатқанын көріп тұрып, ешқандай шара қолданбаған!

Пара берсең шығасың, бермесең ұрып соғып істемеген ісіңді істедің деп мойындатады! », - деп жазады бұл жолы. 

Сөзіне дәлел ретінде Сайрам ауданының тұрғындарының бірінің шағымы көрсетілген бейнежазбаны қоса жариялаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары