$ 448.15  483.46  4.86

Сенаттың вице-спикері Бекназаровтың өкілеттілігі тоқтатылды

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы 63 жастағы Бекназаров 2014 жылдан бері сенат құрамында болған.
фото: zib.com.ua
фото: zib.com.ua

28 тамызда парламенттің жоғары палатасының вице-спикері Бектас Бекназаровтың өкілеті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен тоқтатылды. Себептері айтылмайды, деп хабарады Азаттық радиосы

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы 63 жастағы Бекназаров 2014 жылдан бері сенат құрамында болған. Оны елді 30 жылға жуық басқарып, былтыр отставкаға кетсе де саяси ықпалын сақтап қалған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев депутат қылып тағайындаған.

Бекназаров 2016 жылы сенат вице-спикері болған және бұрынғы президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева спикер болып тұрған кезде сенат жетекшілігінде болған. Назарбаеваның депутаттық өкілеті мамыр айында тоқтатылған. Бірнеше күннен соң Тоқаевтың сайлауалды штабын басқарған Мәулен Әшімбаев оның орнына келді.

28 тамызда Тоқаев сонымен бірге мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровты сенат депутаты қылып тағайындады. Ол бұрын ішкі істер министрлігінде, әділет министрлігінде қызмет істеген. "Нұр Отан" партиясының мүшесі Әбдіров 2009 жылдан бері мәжілістің төртінші және бесінші шақырылым депутаты болған. 2016 жылдан бері заң шығару және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетті басқарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары