$ 494.87  520.65  4.91

Жақында сайланған Сенат депутаттарына куәлік табысталды

Куәліктерді тапсыру рәсімі ОСК сайтында тікелей эфирде көрсетілді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 12 тамызда сайланған 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың сенаторларына депутат куәлігін табыс етті, - деп хабарлайды Skifnews.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Сенаттың жаңа депутаттарын ресми түрде тіркеді. Куәліктерді тапсыру рәсімі ОСК сайтында тікелей эфирде көрсетілді. 

"Сіздердің Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттігіңіз Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Құрметті депутаттар, құттықтауымызды қабыл алығыздар! Жемісті жұмыс тілеймін.

Бұл науқан шын мәнінде тарихта қалады. Пандемия жағдайында өткіздік, келесі науқан олай болмайды деп үміттенеміз", - деді Берік Имашев.

"Депутат болу және сайлаушылардың мүддесін қорғау - үлкен абырой және жауапкершілік. Біз, сайланған Парламент депутаттары, қоғам мен мемлекетке қызмет етуге дайынбыз. (...) Біз Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтауға, өз өңірлеріміз бен сайлаушыларымыздың атынан лайықты жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз", - деді Сенат депутаты болып қайта сайланған Ольга Перепечина.

Қазақстанның Сенат депутаттарын сайлау қорытындысы жайлы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары