qamshy.kz порталы жолдаудан кейін қызметінен босатылатын шенеуніктердің тізімін жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырған болатын. Президент бұл құрылым өзін ақтамады деп санайды, деп жазады аталмыш дерек көзі.
Президенттің үкімімен 15 шенеунік лауазымынан босатылатын болады:
1. Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы – Арман Жұмабеков;
2. Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы – Қанат Сәрсембаев;
3. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Жанат Қожахметов;
4. Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы – Бақытжан Берікбайұлы;
5. Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы – Марат Оразаев;
6. Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы – Жәнібек Гупиров;
7. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы – Аида Құрманғалиева;
8. Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы – Айдын Ашуев;
9. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы – Әнуар Ахметжанов;
10. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы – Сәбит Нұрлыбай;
11. Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы – Талғат Момышев;
12. Әділет министрлігінің жауапты хатшысы – Азамат Әмірғалиев;
13. Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы – Әркен Өтенов;
14. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Мереке Пшембаев;
15. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы – Әсем Нүсіпова.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын.