$ 449.58  486.94  4.86

«Керекулік полицейлердің арасында келмеске кеткен Кеңестік идеялогияны аңсайтын ресейшілдер бар» - журналист

Біздің, Павлодар Облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі атауы өзгерген жер су аттарын қасақана бұрынғы атауымен жазады.
Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

Баспасөз беттерінде Кереку өңірінде келмеске кеткен Кеңес одағы мен патшалық заманды аңсайтын топтардың бар екендігі туралы жиі айтылып жатады. Жақында ғана осындай мүддені көздейтін топтардың бірі Кеңес одағы қарулы күштерінің әуе десанттары күнін атап өтіп, көшеге шығып, сап түзеп, шеру өткізген болатын. Полицейлер оларға карантин талабын бұзды және көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айып тақты. Алайда, керекулік белсенді азаматтардың айтуынша, бұларға карантин талабын бұзды деп айыппұл салу жеткіліксіз. Өйткені бұл саяси жағынан өте қауіпті шара. Оның артында келмеске кеткен Кеңестік идеялогияны тықпалаушы, ресейшіл топтар тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең сорақысы мұндай керітартпа қылықтар мемлекеттік органдар тарапынан да байқалып жатады. 
Мәселен Есенбек Санатұлы есімді журналист өзінің facebook  парақшасында осыған ұқсас жазба жариялады. Онда Павлодар облыстық Полиция департаментінің атауы әлдеқашан-ақ өзгертілген көше, жер-су атауларын қасақана бұрынғы советтік нұсқамен жазатынын айтқан.

«Біздің, Павлодар Облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі атауы өзгерген жер су аттарын қасақана бұрынғы атауымен жазады ғой деймін. Семейді Семипалатинск деп бірнеше рет жазғанда ескерту жасадым. Қазір, Кутузов көшесі деген жоқ бізде.Тәуелсіздік даңғылы болып артынша Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы атанған. Чкалов көшесі Сағадат Нұрмағанбетов көшесі болған. Ал, Суворов Малайсары батыр, деп аталады. Ал, біздің полицейлер ескі атауларды әлі көксейтін сияқты», - деп жазған өзінің парақшасында. 

Сонымен қатар ол сөзіне мысал ретінде Павлодар Облысы Полиция Департаменті таратқан бір ақпараттан үзінді келтірген. Онда аталмыш мекеменің қалада жаңа мобильді кешендердің орнатылып жатқаны айтылады. Расында да сол мобильді құрылғылар орнатылды деп көрсетілген көшелердің біразы ескі, советтік атаумен берілген: 

Оқи отырыңыз: «Павлодарда халқымызға қайтадан бодандық қамытын кигізуді көксейтін патшашыл-кеңесшіл топтар көп» - Арман Қани

«Полицияның хабарлауынша, мобильді кешендер Кутузов 203 (199 үйдің жанында), Кутузов 46/1, Лимонная 31 (Кутузов - саяжайдың соңы әуежайға, Береговая 67), Камзин 72 (49 үйдің жанында), Чкалов (Агродизель, 100 үйдің жанында), Ак көшесінің қиылысында орнатылады.Сәтбаев-Достоевский, Суворов 15 (60 үйге қарама-қарсы және «Алтын балық» дүкені), Ломов 149 («Мечта» СҮ қарама-қарсы), Мир 17 және «Тойота центрге» қарама-қарсы автожолда», - делінген хабарламада. 

Журналистің айтуынша, бұл мәселе туралы Қалалық ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту бөліміне де бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда еш нәтиже болмаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары