$ 494.87  520.65  4.91

Өскемендік еден жуушы әйел аудан әкімі лауазымына дейін өсіп кетті

Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскеменде дүниеге келген.

Тамара Рахымжанова өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларды тазалаушы болып бастаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданының жаңа әкімі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскеменде дүниеге келген. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын персоналды басқару мамандығы бойынша бітірді.

2014-2016 жылдары «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары «Өскемен-тәртіп» КГП директоры болып қызмет атқарды.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2019 жылдың ақпанында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары