$ 443.85  474.3  4.8

Трамп Қытайға тәуелділіктен арылуға уәде берді

Осыдан бірнеше күн бұрын Bloomberg Қытайдың АҚШ-пен сауда соғысында жеңіске жақындап келе жатқанын жазған болатын
Фото: Joshua Roberts / Reuters
Фото: Joshua Roberts / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңіске жетсе ел экономикасын Кытайға тәуелділіктен толықтай арылтуға уәде берді. Бұл туралы Baq.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы төрт жылда біз Американы әлемдегі ең мықты өндірістік державаға айналдырамыз. Осылайша Қытай елінің тауарларына тәуелділіктен толықтай арылтамыз, - деді ол.

Осыдан бірнеше күн бұрын Bloomberg Қытайдың АҚШ-пен сауда соғысында жеңіске жақындап келе жатқанын жазған болатын. Ол барлық көрсеткіштер бойынша АҚШ-ты басып озған.

АҚШ 2017 жылдан бері Қытаймен сауда соғысын жүргізіп келеді. 2020 жылдың басында екі жақ келісімнің «бірінші кезеңінде», Пекин америкалық тауарларды көптеп сатып алуға көнген. 

Алайда кейін америкалық жақ Қытайды коронавирустың таралауына байланысты фактіні жасырды деп айыптап, екі ел арасында «келісімнің екінші кезеңі» іске аспады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары