Қазақстан СІМ Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта болған армян-әзірбайжан қақтығысының ушығуына қатты алаңдаушылық білдіреді. Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және келіссөздерге кірісуге шақырамыз», - делінген хабарламада.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы халықаралық ұйымдар алаңында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынып отыр.
Еске сала кетсек, бүгін Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабахтағы байланыс желісіндегі елді мекендерге оқ жаудырды деп мәлімдеген болатын. Ашық дерекке сүйенсек, соның салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар.