Біраздан бері өзінің Facebook парақшасы арқылы Оңтүстік өңірдің кемшіліктері мен шенеуніктердің былығын әшкерелеп келе жатқан белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің тағы бір ерекше науқан бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгер бұл жолы ешкімге қамшы салдырмастан, праймериз науқанынан қара үзіп келген жеңімпаздардың өмірбаяндарына үңіліп, еліне тигізген пайдаларына зерттеу жасаған. Осылайша, ол праймериз сынынан көбіне ел білмейтін, қоғамға ешқандай пайдасы тимеген белгісіз тұлғалардың өтіп кеткеніне көз жеткізген.
«Парақшасын ашсам болашақ депутат емес, той тойлап депуттар тізіміне адасып кіріп кеткен адам сияқты көрінді маған. Бағдарламасымен танысуға кіріп, кілең той тойлап жүрген суреттерді көріп, бағдарлама жайына қалды шыны керек», деп өз таңданысын білдірген.
«Шымкент қаласы бойынша праймеризден алдыңғы қатарға шыққандарды қарап, зерделеп отырмын!
Мына мүшелерді танитындарыңыз бар ма?
Бағдарламаларын ашып оқысам, зорлық-зомбылықпен күресіп жүргендер екен. Бірақ мен бұл кісілерді көрмек түгілі, мүлдем естімегем!», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.
Оқи отырыңыз: «Депутаттыққа тілі майда алаяқтардың өтіп кетуінен сақ болу керек» - заңгер
Сонымен қатар ол саяси доданың жеңімпаздарының біразының атан, түсін түстей отырып, бірнеше сауал да жолдаған.
«Гуляим Шунгараева, ханым! Мысалы осы уақытқа дейін қанша зорлық -зомбылық көрген әйелге көмек көрсеттіңіз?
Парақшаңызды зерделесем, көбінесе Аллаға сыйынған жазбалар оқыдым. Сонда зорлық-зомбылықпен осылай күресіп жүрсіз бе?
Nursultan Balabiyev, 4063 дауыс жинайтындай халыққа не еңбегіңіз сіңді? Әкеңізді танимыз, облыста депутат екенін білеміз. Әкеңіздің еңбегі бар шығар, ал сіздің қала үшін жасаған еңбегіңізді іздеп отырып таба алмадым.
Әлде «әкем депутат болды, мен де болуым керек» деп отырсыз ба? «Экологияны көтеремін» депсіз бағдарламаңызда. Қаланы жаңа келген әкім «жесткі» саудалап демалатын орын қалдырмай тұрғын үйлерге беріп жатыр. Халық шоғырланған жерде қайдан экология жақсаратынын айтыңызшы, сіздің азаматтық ойыңыз қандай?
Кімдер мына жігітке дауыс берген, 4 мың адам?
Мен танымайтын зорлық зомбылықпен, қоғамдық істермен айналысқыштар көп екен! Осылардың бәрі баяғыда қайда жүрген? Зерделеу арқарай жалғасады, «көп дауыс жинадым, мен жеңдім»- деп ерте қуанбай ақ қойыңдар!», - деп атап өткен жазба авторы.
Тағы бір айта кетерлігі Айгүл Орынбек мұндай зерделеулердің әлі де жалғасын табатынын өтап өткен.