$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде кредит төлемей жүргендердің саны азайды

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5,3 млн адамның банктерде қарыздары бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 90 күннен артық төленбеген жеке тұлғалардың кредиттері бойынша мерзімі өткен берешек деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми деректер бойынша, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоғарыда көрсетілген тұтынушылық қарыздар бойынша азаматтардың берешек деңгейі жалпы сомасы 404 млрд теңгеге 6,2%-ды құрайды. Мұндай мәліметтерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жеке тұлғалардың кредит деңгейі жалпы сомасы 441 млрд теңгеге 7,6%-ды құрады. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5,3 млн адамның банктерде қарыздары бар.  

Оның ішінде:

Алматы – 25,3%
Нұр-Сұлтан – 15,4%
Шымкент – 6,3%
Басқа өңірлер – 51,3%.

Мерзімі өткен берешектің ең көп деңгейі 500 мың теңгеге дейінгі (11%) кепілсіз тұтынушылық кредиттерге, сондай-ақ 5 млн теңгеден жоғары (66%) қарыздарға келеді.

Ағымдағы жылда тұтынушылық қарыздар бойынша берешектің орташа айлық өсу қарқыны 0,1% болды (2019 жылы - 2%). 2020 жылы 2,2 трлн теңгеге тұтынушылық кредиттер берілді. Тұтынушылық кредиттер берудің орташа айлық көлемі 2019 жылмен салыстырғанда (2019 жылы – 377 млрд теңге), 27%-ға 274,2 млрд теңгеге төмендеді.

Мәлімет үшін, 82,5% қарыз алушылардың орташа борыш сомасы 269 мың теңге болатын 1 млн теңгеге дейін сомада кепілсіз тұтынушылық кредиттері бар.  Тиісінше, қарыз алушылардың көбінде Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақының 1,3-еселік мөлшерінен аспайтын борыш жүктемесінің қолайлы деңгейі бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#несие #қарыз