Саясат 20.10.2020 сағат 17:20

Астана LRT ісі бойынша сот тыңдауы басталды

Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл істе бірнеше айыпталушы бар. Оларға "ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету" және "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жұмсау" баптары бойынша айыптар тағылған.
Астана LRT ісі бойынша сот тыңдауы басталды
фото: azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алғашқы жеңіл рельсті транспорт жүйесін салу кезінде анықталған "ақша жымқыру ісіне" байланысты алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Азаттық радиосы

Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл істе бірнеше айыпталушы бар: Нұр-Сұлтан қаласының алтыншы шақырылымындағы мәслихаттың бұрынғы хатшысы Жанат Нұрпейісов, қалалық көлік және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, "Астана Innovations" компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім және төрт кәсіпкер, еншілес компания басшылары Дәурен Әбдіхамитов, Ұлықбек Ачилов, Тимур Касабаев, Дулат Мүсенов.

Оларға "ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету" және "өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жұмсау" баптары бойынша айыптар тағылған.

Осыған дейін істі тергеген жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі "ақша жымқыру схемасын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұйымдастырған" деп мәлімдеген еді. Оларға халықаралық іздеу жарияланған.

Тергеу органдарының мәліметінше, шенеуніктер кәсіпкерлермен бірге жоба құнын жасанды түрде қымбаттатып, жалған кәсіпорындардың көмегімен миллиард теңгені қағаз ақшаға айналдырған.

LRT жобасының тиімділігі жайлы мәселе Қытайдан инвестиция тартылып, құрылысы басталған сәттен (2017 жыл) бері жиі айтылып келеді. Қазақстандағы алғашқы жеңіл рельсті транспорт жүйесі астананың сол жағалауынан әуежай және темір жол вокзалына дейін жолаушылар тасымалдауы тиіс.

Былтыр жазда премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов LRT жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстанның Қытайдың даму мемлекеттік банкінен 1,5 млрд доллар көлемінде қарыз алғанын хабарлаған, оның 344 млн доллары құрылысқа жаратылып қойған.

Бірақ Қытай банкі мердігерлерге қатысы бар проблемаға байланысты қаржыландыруды тоқтатып, енді үкімет құрылысты аяқтау үшін 1,2 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы күзде жобаны ашық сынап, "даулы жоба" деп атаған.

Дегенмен астана билігі кейінірек LRT құрылысын жалғастыра беретінін хабарлады. Станциялар мен жерасты жаяу жүргіншілер өткелі қысқарады.

Процесті судья Қажымұқан Мекемтес жүргізіп жатыр. Алғашқы сот отырысы 29 қазанда өтеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар