Саясат 02.11.2020 сағат 15:00

«Мөлдір Әуелбекованың «Айша» атты дін уағызшысы болып шыға келгенінен қауіптенемін» - қоғам белсендісі

Ол «Тобымдағы бес қыз менің жолымды қуып намазға жығылды, ал сіздердің жүріс-тұрыстарың дұрыс емес, иманға келіңдер» деп, миллиондаған подписчиктеріне күнде уағыз айтып отыр.
«Мөлдір Әуелбекованың «Айша» атты дін уағызшысы болып шыға келгенінен қауіптенемін» - қоғам белсендісі
Фото: 365info.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Соңғы кездері өнер адамдарының арасында дінге бет бұрып, сәждеге жығылып жатқандардың қарасы көбейіп жатыр. Кейбірі тіптен өмір салты мен бұған дейінгі көзқарасын да күрт өзгертіп, сахнадан жоғалып қана қоймай, бастан аяқ қара жамылып, азан шақырып ата-анасы қойған есімінен бас тартып, арабша ныпсыға ие болып жатқандар да жоқ емес. Мәселен, жақында ғана намазға бет бұрған белгілі әнші Мөлдір Әуелбекованың қазақша атынан бас тартып «Айша» деген есімге ие болғанын айту керек. Былай қарасаң дұрыс секілді. Бірақ мұның артында үлкен қауіп жатқан секілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кейбір мамандардың айтуынша, өнер адамдары тек дінге бет бұрып қана жатқан жоқ. Жаппай уағызға көше бастаған.  

Мәселен, Амина Смагулова қоғам белсендісі жұлдыздардың шетінен араб мәдениетін насихаттап, діни уағыздар жүргізіп кеткенін айтып мәселе көтеріп, Мәдениет және Ақпарат және қоғамды дамыту министріне қаратып хат жолдаған.

Қоғам белсендісінің айтуынша, бұл өте қауіпті үрдіс. 

«Құрметті Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Aida Balayeva!

Сіздерге бір сұрақ койсам бола ма?

Неге өнер жұлдыздары шетінен араб мәдениетін насихаттап, діни уағыздар жүргізіп кетті? Бұл діни саласындағы Заңға кайшы, тіпті өрескел заң бұзушылық емес пе? 

Қазақ өнерін насихаттауға жауапты «Қазақконцерт» ұйымының бас маманы, «Құрмет» орденінің иегері, продюсер Мөлдір Әуелбекова есімін ауыстырып, Айша атты дін уағызшысы болып шыға келді.

«Тобымдағы бес қыз менің жолымды қуып намазға жығылды, ал сіздердің жүріс-тұрыстарың дұрыс емес, иманға келіңдер» деп, миллиондаған подписчиктеріне күнде уағыз айтып отыр», деп жазады ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол мұндайлардың көп екенін әрі құзырлы органдардың бақылауға алмай отырғанын айтқан. 

«Бұл бір ғана мысал, ал мұндай дін уағызшысына айналған әртистер, спортшылар қаншама? Жауапты министрліктер, органдар қайда қарап отыр? 

Мен дінге емес, ВАХХАБИЗМ - САЛАФИЗМГЕ қарсымын. Тауық сойса да касапшы сойсын дейді ғой. Әркім өз ісімен айналыссын! Діни білімді тек қана арнайы діни білімі бар имамдар және тек қана мешітте үйретсін! 

Діни білімі жоқ адамдарға Муфтияттың және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы Діни сараптама комитетінің рұқсатынсыз діни уағыз жүргізуге тыйым салынсын! Теріс ағымдар жастарды адастырып, миларын улап болды!!!

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы:

3-бап. Мемлекет және дін
1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

8-бап. Миссионерлік қызмет
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.

9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар
2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

3-1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі», - деп атап өткен жазба авторы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар