$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Қазақстан әлем бойынша сары аймақта тұр

Сондай-ақ, өткен аптамен салыстырғанда Қазақстанда «қызыл аймаққа» енген өңірлердің саны тағы үшеуге көбейген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның коронавирус ауруы бойынша «сары аймақта» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан коронавируспен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлау үрдісіне ие. 27 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 129 мың 213 науқас оң нәтиже, 41 мың 756 адам теріс тест нәтижемен тіркелді», - деді министр ОКҚ-да өткен брифингте.

Алексей Цойдың айтуынша, 27 қарашада еліміз «сары» аймақта немесе орташа тәуекел аймағында тұр.

Сондай-ақ, өткен аптамен салыстырғанда Қазақстанда «қызыл аймаққа» енген өңірлердің саны тағы үшеуге көбейген. Осылайша, қауіпті аймақтағы өңірлердің саны бесеуге жетті: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Алматы қаласы «сары аймақта», ал қалған өңірлер әзірге «жасыл аймақта» тұр.

Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, қараша айында Қазақстанда коронавирустың таралуы өткен аймен салыстырғанда 3,7 есееге өскен.

«Қараша айында қазан айымен салыстырғанда республикада коронавирустың таралуы 3,7 есеге артып, 5 өңірде сырқаттанушылық өсімі байқалды. Ол өңірлер қазір «қызыл аймақта» орналасқан, республика бойынша барлық науқастың 70 пайызы сол өңірлерде тіркелген», - деді Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары