Саясат 02.12.2020 сағат 17:00

«Шулы мәлімдеме жасап, көзге түскісі келеді»: депутаттар Әлтаевтың әрекетін сан-саққа жүгірте бастады

Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады.
«Шулы мәлімдеме жасап, көзге түскісі келеді»: депутаттар Әлтаевтың әрекетін сан-саққа жүгірте бастады
фото: informburo.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар