Елімізде ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі жыныс ауыстыру мәселесі болатын. Расы керек, елімізде жаратылыстың заңына қарсы шығып, өзінің жынысын ауыстырғысы келетіндердің көп болса да заңдық тұрғыда арнайы реттелмеген мәселе болатын. Ұзақ жылдар бойы ұлттық менталитетімізге қайшы келетін әрекет саналып, ашық айтуға тыйым салынып келді.
Енді міне, бұл мәселе де біржақты болып жатқан секілді. БАҚ беттерінде «Денсаулық министрі Алекцей Цой Қазақсанда заңды түрде жыныс ауыстыруға рұқсат берді» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
stan.kz ақпарат порталының жазуынша, Денсаулық сақтау министрі Цой мырза өзінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіткен.
Бұйрықта жынысын 21 жасқа толған және қабілетті гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдар ауыстыра алады деп айтылған.
Алайда бірқатар шектеулер бар: психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар (аурулары бар) қазақстандықтар жынысын өзгерте алмайды.
Жынысын ауыстырғысы келетіндер психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жазбаша өтінішпен хабарласады.
Психиатр дәрігер науқасты, және қолда бар құжаттарын тексереді.
Егер тексеруден өткен адамның психикалық жағдайына күмән туындаса, психиатр оны Қазақстан Республикасының тұрғындарына психикалық денсаулық сақтау саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық ұйымға стационарлық тексеруге жібереді.
Жынысты ауыстыруға қарсы көрсетілімдер болып табылатын ЖСЖ болмаған жағдайда, психиатр жынысын ауыстыруды қалайтын адамды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті медициналық тексерулерге сәйкес тұрғылықты жері бойынша емханаға жібереді.
Медициналық тексеруден өткеннен кейін психиатр науқасты медициналық ұйымның басшысы бекіткен комиссиямен медициналық тексеруге жібереді.
Одан кейін комиссия медициналық тексеруге және гормонды алмастыру терапиясынан кейін тағы тексеруге жібереді.
Жынысын ауыстырғысы келетін адамдарды медициналық куәландыру комиссиясының құрамына келесі мамандар кіреді:
үш психиатр, олардың біреуі сексопатология саласында арнайы білімге ие болу керек;
уролог; гинеколог; терапевт; эндокринолог; психолог.