$ 494.87  520.65  4.91

«Қынадай қырылған адамдардың қаны Маминнің мойнында» - журналист

Біздің бейшара Үкіметтің сорлы кейпін пандемия басталғанда байқадық. Үкімет «сасқан үйрек артымен жүзедінің» нақ өзіне айналды. Бизнес пен қарапайым халықтан қайыр сұрап, арсыздықпен алақанын жайды Маминнің министрлер кабинеті.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Нұржан Әлтаевтың күтпеген жерден «Нұр Отан» қатарынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылуы расы керек, жұрттың үлкен таңданысын тудырып жатыр. Кейбір сарапшылар оның бұл кетісіне Франция президенті Макронның жеке басына қатысты біраз өткір сыни пікірлер білдіруі себеп болғанын айтқан еді. Тағы біразы (оның ішінде депутаттар да бар) Әлтаевтың бұл әрекетін хайпқа балап отыр. Мәселен, күні кеше ғана Мәжіліс депутаты Павел Казанцев өзінің бұрынғы әріптесі туралы «саяси науқан қарсаңында шулы мәлімдемелер жасап, көзге түскісі келіп жүр» деп мәлімдеме жасап үлгердіАлайда кейбір сарапшылар экс-депутаттың бұл кетісінің астарында мүлдем басқа дүние жатқанын айтады. Олардың айтуынша, әлдебіреулерге «үнсіз отыра алмайтын» депутаттан тезірек құтылу керек болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист әрі қоғам белсендісі Ербол Мәндібек Нұржан Әлтаевтың партия қатарынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылуына басқа емес Асқар Маминнің себеп болу мүмкін екені айтқан. Оның айтуынша, Нұржан Әлтаев Парламент қабырғасында Үкіметтен коронавирусқа қарсы шыралардың есебін ашық талап еткен жалғыз депутат. 

«Үкіметке мін айту, кемшілігін бетіне басу депутаттың міндеті. Өйткені, ол халықтың атынан сөйлеуге құқылы бірден бір тұлға.

Парламенттегі «арамтамақ» депутаттардың арасынан Нұржан Әлтаевтың бас көтеруі және оны қоғамның қызу талқылауы заңдылық. Себебі, отыз жыл бойы жоғары билікке бас шұлғып келген «айналма қойларға» (депутат сөзінің баламасы) халықтың сенімі сөнгелі қашан. Осындай сүреңсіз сорлы үрдісті бұзу Нұржан Әлтаевқа оңай болмағанын әрі үлкен тәуекелге барғанын түсінуге тиіспіз.

Ресейдің билігіне төрт аяғынан байланған біздің бейшара Үкіметтің сорлы кейпін пандемия басталғанда байқадық. Жердің астындағы байлықты сұраусыз және құнсыз сатып, содан түскен тиын-тебенді санап күнелткен Үкімет «сасқан үйрек артымен жүзедінің» нақ өзіне айналды. Бейшара дейтініміз, бизнес пен қарапайым халықтан қайыр сұрап, арсыздықпен алақанын жайды Маминнің министрлер кабинеті.

Онсыз да түбі тесіліп жатқан ұлттық қордан жанталасып 10 млрд доллар алды. Ұзын-сөздің ырғасы, жылдап жұмсайтын ақшаның санаулы айда әт-тәпиін шығарды.

Осыншама ақшаның күшіне ие бола тұра, Асқар Мамин Үкіметі халықты қынадай қырып алды. Халықты емес, өздерін ойлауға ғана шебер топас топ менеджерлер сіз бен бізге әдеттегідей тобыр деп қарады. Сондықтан, пандемияға қарсы пәрменді шаралар әншейін көзбаяушылық және халық коронавирустан емес, жемқорлықтың кесірінен қырылды. Бұдан шығатын қорытынды. Қарапайым адамдардың қаны, Асқар Мамин басқаратын Үкіметтің мойнында тамшылап тұр деп айтуға толық негіз бар.

Нұржан Әлтаев Парламент қабырғасында Үкіметтен коронавирусқа қарсы шыралардың есебін ашық талап етті. Әрине бұл Асқар Маминнің шамбайына тиеді. Оның қолы ұзын екенін баршаңыз білесіз. Ұйқыдағы Парламенттің мұндай әрекетін естіп, көзі шарасынан шыға жаздаған болуы керек.

Оқи отырыңыз: «Бөлінген ақша қайда?»: депутат Маминнен тез арада халық алдында есеп беруді сұрады

Әбден құр мақтауға еті үйренген біздің жоғары билік, проблема айтқан адамды ақымақ көретін жағдайға жеткен. Мамин де Әлтаевтың әлгі әрекетін ақымақ көрсе керек, соңына шам алып, ақыры Парламент қабырғасынан шығартып тынды. Мамин мен Мәсімовтың достығын ескерсек, Нұржан Әлтаевтың ізіне кімдердің қалай түскенін бажайлай беруге болады.

Егер Нұржан Әлтаев жаңа партия құратын болса, халық болып қолдауымыз қажет. Халықтың сорына айналған "Нұр Отанның" түбіне жетудің тиімді тәсілдерінің бірі осы. Бізде Ақ орда жасаған саяси реформалар тек бір адамның мүддесі үшін жасалатынын білеміз. Сондықтан, жоғары жақтан жасалатын саяси реформалардың барлығын «боқ» деп санап, төмендегі белсенділерге жіті назар аудару, қолдау әрі қорғау қазіргі қоғамның парызы деп есептеймін. 
Айтпақшы, қазіргі Парламенттегі айналмалардың ішінде дені дұрыс кім қалды деп ойлайсыздар? Нұржан Әлтаевтың ерлігін кім жалғастыра алады? », - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары