$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевқа жаңа өкілеттіктер берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін заңға қол қойды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Сенат заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін хабарлаған.

Заң жобасы бойынша ұсынылады:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

- халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

- Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

- Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары