$ 448.56  478.03  4.79

Қазақстан жері туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат өз сөзін түсіндірді

Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген еді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қазақстан жері туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат Вячеслав Никонов өз сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақ КСР шекарасын бекітуде Қазақстан мүддесі толықтай ескерілді. Кейін Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ыстық ілтипатымды білдіріп, "Большая игра" бағдарламасында мен дәл осы нәрсені айттым", - деп жазды ресейлік депутат Telegram-каналында.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген еді. 

"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары