Тағы бір орыс шенеунігі Қазақ елінің тәуелсіздігі мен жеріне қарсы мәлімдеме жасады. Айта кетерлігі бұл да Дума депутаты. Аты-жөні Евгений Федоров деп көрсетілген депутат бұған дейін «қазақ жері - Қазақстанға Ресейдің сыйлаған сыйлығы» деп жөнсіз мәлімдеме жасаған Никоновты қолдайтынын білдірген. Оның ойынша, Қазақ елінің қазіргі тұтастай территориясы расымен де сыйға алынған жер. Ол тіптен ҚР СІМ жолдаған нотасына да қарсылық білдірген. Онысын біреуге көлік сыйласаң, рахметін айтады, ал мыналар болса мойындағысы да келмейді» деген сөзінен-ақ байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Басынан аяғына дейін шовинистік пиғыл байқалып тұрған бұл жазбаны белгілі журналист, президент жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі Максим Рожин өз парақшасында бөліскен. Журналистің айтуынша, жәй сөз емес, ойландыратын дүние.
«Құрметтілер, «қазақ даласын жалға алып тұрып жатсыңдар» деген тағы бір депутаттың сөзін байқамаған сыңай танытып өтіп кете алмадым.
Байқамау мүмкін емес. Сондықтан бөлісіп жатырмын. Мұндай сөзді байқаусыз қалдыру - сокырлық, өз-өзіне жақсылық тілемеу деп түсінемін.
Бұл әлгі өтірік білмей қалған Никоновтың ғана сандырағы емес. Бұл тұрақты әрі нақты жасалып жатқан әрекет. Оны тағы бір депутат өз сөзінде растап отыр. Дауысқа әзір салынып жатқан дүниелер бар ұқсайды. Мұқият тындаңыздар. Оның сөзінше «Қазақтың жерін жалға алып мекендеп» жатыр екенбіз.
«Халықаралық құқық» деп қояды ещё. «Это прямая территориальная претензия», - дейді депутат Федоров. Осы айтқанына мұқият назар аударғанымыз жөн секілді, өйткені бұл сөз тағы бір Дума депутаты Евгений Федоровтың ауызынан шығып отыр. «Достықтың» шынайы сипаты, ашық түрі шын мәнісіңде осы ма?
Менің пікірімше, бұның ауызынан шығып жаткан жәй сөз емес. Ойландыратын дүние. Бүл жүрген біреу емес, бүл ресми лауазымдағы тұлға, әскерде болған отставкадағы офицер, Ауған соғысын көрген, көп жыл Думада отырған депутаттың сөзі.
Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Мұрат Абенов, Arman Shorayev, Расул Жұмалы, Қазыбек Иса ағалар, мынандай нәрсеге назар аудармау мүмкін емес қой, масқара дүние емес па?
Бұл ішке іріткі салу болмай не? Сырттан дем беріп, іште оңбай жүргендерге сырттан нұсқау беру...», - деп жазған ол өзінің ол өзінің facebook парақшасында.