$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан - заңсыз және уақытша мойындалған мемлекет»: Ресей шовинисі Федоров тағы бір шулы мәлімдеме жасады

Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды.
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Қазақ елінің тәуелсіздігі мен жеріне қарсы пікір білдірген Евгений Федоров деген орыс шенеунігі тағы бір жөнсіз мәлімдеме жасағаны белгілі болды. Об бұл жолы жеріміз ғана Тәуелсіздігіміздің өзіне күмән келтірген. Федоровтың айтуынша, Қазақстан -  КСРО тараған кезде уақытша ғана мойындалған яғни заңсыз территориялық аумақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы журналист Асхат Қасенғали өзінің facebook парақшасында жариялады. 

«Сұмдық ақпарат!
Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Евгений Федоров екінші мәрте арандатуға көшті. Бұл жолы тіпті алысқа кетті. Шамамен былай деп отыр. 

1."Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда, Алматы да, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды"

2. "Қазақ халқы (нация) болған емес. Халық деген ең жоғары статуста құрылады, әлемдік соғыс негізінде".

3. "Қазақстан деген болған жоқ. 1922 жылғы негізге қарасақ оның тіпті 1 ммде жері жоқ". 

4. "Қазақстан заңсыз және уақытша мойындалған деп пайымдаймын. КСРО тарады деген нақты бірде бір құжат жоқ" және тағысын тағылар. 

Біздің зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан, депутаттар мен министрлер жағынан нақты жауап болады деп ойлаймын. Мемлекет солтүстікті қазақыландыру, көшті жылдамдатуды дереу қолға алу қажет. Одан бөлек ең маңызды дүние ішкі идеологиялық жұмыстарды күшейту, әсіресе тарихи фильмдер түсіру, жастар арасындағы ұлттық насихатты арттыру.

Видеоның толық нұсқасын пікірге қалдырдым. Толық нұсқада да небір арандатуларды айтып жатыр. Бұл бір елдің білдей депутаты!», - деп жазған ол өзінің өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары