Грузияның Ахалцихск ауылында Жаңа жыл қарсаңында жасыл күшік дүниеге келді, - деп хабарлайды "Рустави 2" телекомпаниясы.
Жасыл күшікпен қатар тағы жеті күшік туылған. Иттің иесі оған Гринч деген ат қойған.
Сондай-ақ, зообақ өкілдері Гринчтің иесіне хабарласып, беруін сұраған. Алайда ол бас тартқан.
Әдетте ұрықжолдаста биливердин көп болса, иттің жүні жасыл болады. Мұндай күшіктер көбіне АҚШ, Ұлыбритания және Италияда туылады.