04.01.2021, 10:43

Жаңа жыл қарсаңында жасыл күшік туылды

Сондай-ақ, зообақ өкілдері Гринчтің иесіне хабарласып, беруін сұраған.

Грузияның Ахалцихск ауылында Жаңа жыл қарсаңында жасыл күшік дүниеге келді, - деп хабарлайды "Рустави 2" телекомпаниясы.

Жасыл күшікпен қатар тағы жеті күшік туылған. Иттің иесі оған Гринч деген ат қойған.

Сондай-ақ, зообақ өкілдері Гринчтің иесіне хабарласып, беруін сұраған. Алайда ол бас тартқан.

Әдетте ұрықжолдаста биливердин көп болса, иттің жүні жасыл болады. Мұндай күшіктер көбіне АҚШ, Ұлыбритания және Италияда туылады.

Тегтер: зообақ күшік