$ 494.87  520.65  4.91

«Ковидтен 100 пайыз айыға ма?»: белгілі заңгер Цойдан QazCovid вакцинасының зерттеу қорытындыларын көрсетуді талап етті

Вакцинаны зерттеуден өткізген дәлелі қайда? Оның құрамы неден тұрады? Халықтың ақшасын босқа сораптаудан шаршамадыңыз ба?
фото: facebook.com
фото: facebook.com

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны насихаттау жұмыстары бастаып кетті. Осыған дейін тек қана еріктілерге салынып келген екпенің қолдану аясы кеңейіп, бірқатар шенеуніктерге де салына бастады. Алдыңғылардың бірі болып Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин екпе салдырса, араға бірер күн салып барып мұндай естафетаны Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалғастырды. 

Бір қызығы, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлі екпе салдырмаған болып шықты. Оның айтуынша,  өз елімізде жасалған QazCovid вакцинасы әлі де сынақ фазасында. Сол секілді еліміздің бас санитары туралы да ақпарат жоқ. Бұл расы керек, кейбір адамдардың күдігін тудырып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, өзге емес екпені алдыңғылардың бірі болып осылар салдыруы тиіс еді. Мәселен, белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы елге вакцина салудан бұрын оның тиімділігі мен зерттеу қорытындыларын көрсетуді талап еткен. 

«ҚР Бас санитары тірі ме? Тірі болса, елдегі індет бойынша, атқарылып жатқан мәселе бойынша айтпай ма? Бәрімізді вакцина салуға мәжбүрлейді, заңсыз қаулы шығарады, алдымен адам құқығы дегеннің не екенін біле ме? 

Alexey Tsoy, кімнің мүддесін басты назарға қойып отырсыз? Вакцинаны зерттеуден өткізген дәлелі қайда? Оның құрамы неден тұрады? Халықтың ақшасын босқа сораптаудан шаршамадыңыз ба? 

Сонда вакцина салдырса жұрт Ковидтен 100% айыға ма? Осы ма халыққа жан ашырлықтарың? 

Алдымен бүткіл халықты профосмотрдан өткізіп, оның бойындағы ауруды анықтап алмай жатып, оған қандай вакцина салысыздар? 

Біреу аллергик, біреу гипертоник, менде давление! Ал осыдан кейін ауруымыз асқынып, шу шықса кім жауап береді? Тіпті Президент вакцинаны қолдаса да, мен қарсымын, салдырмаймын!!! Өзім үшін денсаулығыма қарап келемін, әрбір азаматты денсаулығына бейжай қарамауға шақырамын, себебі денсаулық - Алланың берген аманатты», деп жазған ол өзінің өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары