$ 444.32  473.33  4.76

«Салафиттердің басты мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын жойып, халифат құру» - қоғам белсендісі

Сақал  қойып, хиджап кию, құран оқып, сүре жаттау – ол тек қана сектанттардың жастардың миларын уландыратын айлалары.
фото: kazislam.kz
фото: kazislam.kz

Осыдан шамалы уақыт бұрын қауға сақалды, бұтына шортик киген біреудің өзінің туған анасына боқтықтың неше атасын жаудырып, қол көтеріп жатқан бейнежазбасы тараған болатын. Нақты айтар болсақ, белгілі заңгер Айгүл Орынбектің парақшасында жарияланған видеодағы өрескел қылыққа барып тұрған бұл жігіттің салафит екендігі айтылған. Анасына қол көтерген салафит туралы сол видео әлі де қазақ қоғамы арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі Әмина Смағұлованың ойынша, жазбадағы бұл жігіттің қылығы салафизм ағымының қаншалықты қауіпті екендігін әрі сақалдылар сектасына толықтай заңмен тыйым салу қажеттілігін көрсетіп отыр. 

«Желіде анасына қол көтерген салафит туралы тарап жатқан видеоны көрдіңіздер ме? Бұл не деген сұмдық!!! Бұған дейін де қаншама жыл салафиттердің түрлі зорлық, зомбылық, қоғамға, қазақ отбасына қылмыстардың түр-түрін жасағанын көріп келеміз. 

Ал бұл видео салафиттердің айуандығы қаншалықты шектен шыққанын көрсетіп тұр! Анасына қол көтергеннен асқан айуандық бар ма, айтыңыздаршы?

Салафиттер өз ұстанымын ең таза, ең дұрыс деп айтып, жастарды уландырып келеді. Бірақ осыны түсінетін уақыт жетті: салафизмді ұстанып жәннатқа жетеміз деген - ол қате ұғым! Сақал  қойып, ХИДЖАП кию, ҚҰРАН, СҮРЕ жаттау – ол тек қана сектанттардың ЖАСТАРДЫҢ МИЛАРЫН УЛАНДЫРАТЫН АЙЛАЛАРЫ.  

Ең таза дін ұстанып жәннатқа жетеміз деп қанша алдаса да, САЛАФИТТЕРДІҢ  нақты МАҚСАТЫ – анау «харам», мынау «харам» деп ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН, ҚАЗАҚ ОТБАСЫН  ЖОЮ, ҚОҒАМДЫ ӘЛСІРЕТІП ХАЛИФАТ ҚҰРУ! 

Бұл видео теріс ағымның қоғамды қаншалықты ірітіп-шіріткенінің дәлелі емес пе? Бұл әбден шектен шығып бара жатқан сақалды уағызшылар сектасына, САЛАФИЗМГЕ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛУҒА УАҚЫТ ЖЕТТІ!!!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары