$ 448.15  483.46  4.86

Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды

Айта кетейік, бұрын қабылданған түзетулер бойынша Мәжілістің кемінде бір комитетін парламенттік оппозиция өкілі ("Ақ жол" және ҚХП партияларының фракциясы) басқаруы тиіс.

Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды. Мәжілісте VII шақырылымның бірінші пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұрын қабылданған түзетулер бойынша Мәжілістің кемінде бір комитетін парламенттік оппозиция өкілі ("Ақ жол" және ҚХП партияларының фракциясы) басқаруы тиіс.

Мәжіліс комитеттерін келесі адамдар басқарады:

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болып Ерлан Барлыбаев ("Ақ жол" партиясынан");

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы - Жәмила Нұрманбетова;

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы - Қанат Мусин;

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы - Марат Құсайынов;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы - Айгүл Құспан;

Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы - Александр Милютин (Қазақстан Халық партиясынан);

Альберт Рау экономикалық реформалар және Өңірлік даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды. Парламентшілер Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев спикердің орынбасары болып сайланды.

Мәжілістің VII шақырылымы депутаттарының толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары