$ 494.87  520.65  4.91

«Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтановты қамауға тура келеді» - заңгер

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеріне қатысты құйтырқылықтан мемлекетке шамамен 5 млрд теңге шығын келді.
Фото: time.kz
Фото: time.kz

Алматыдағы жер дауына нақты айтар болсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты аумаққа қатысты біраз былықтың беті ашыла бастаған сыңайлы. Белгілі кәсіпкер, заңгер Санжар Боқаевтың айтуынша, аталмыш университет аумағындағы бармақ басты-көз қысты әрекеттердің салдарынан ел қазынасы бес милллард теңгеге жуық қаржыдан қағылғанын айтып дабыл қағып жатыр.  Шетел валютасымен есептегенде университет аумағындағы жерді саудаға салғандар заңсыз жолмен аз уақыттың ішінде 12 млн АҚШ доллары көлемінде пайда көрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

nege.kz порталының жазуынша, Боқаев мырза мұндай заңсыздыққа өзге емес Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тізгінін ұстаған Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтанов секілді ректорлар жауап беруі тиіс деп санайды.

«5 000 000 000 теңге. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жеріне қатысты құйтырқылықтан мемлекетке шамамен 5 млрд теңге шығын келді. Esentai Mall аумағындағы бір сотық жердің бағасы 70 млн теңгеден кем емес. 73 сотық жерді көбейтсек, 5,1 млрд теңге (немесе 12 млн АҚШ доллары) шығады.

Мен не себепті мемлекетке зиян келді деп отырмын? Жер телімдерін мемлекеттік жоғары оқу орнынан (яғни мемлекеттен) жырып әкетіп, жеке қолға берген. Ол кезде әкім Б.Байбек, ал ректор Ғ.Мұтанов болды.

Ең қызығы, ҚазҰУ-дың мұның алдында сатылып кеткен жерлері шыға бастады. Мемлекетке тиген зиянды есептеу үшін осы ауданнан жер іздегенімде, қызық жарнамаға тап болдым: ҚазҰУ аумағында жер сатылады. Студент кезімде № 6,9,1 жатақханаларда тұрдым және әлгі жерлердің менің университетіме тиесілі болғанын жақсы білемін.

Мұқият тексеру жүргізу керек. Егер бұра тартпаса, тексерудің нәтижесімен 2000-жылдардан бергі ректорлар Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтановты қамауға тура келеді. Үшеуін бір камераға қамауға да болады. Өйткені әңгімелесуге үшеуіне ортақ тақырып бар», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары