$ 494.87  520.65  4.91

«Бұға берсең сұға береді»: қоғам белсендісі жұртты жер сатуға қарсы шығуға шақырды

Әділдік жаңбыр емес, көктен жауа салатын. Оны іздеу керек, қорғау керек.
фото: facebook.com/serik.abasshakh/
фото: facebook.com/serik.abasshakh/

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты жер учаскесіне қатысты шу әлі басылмай тұр. Аталмыш заңсыздыққа қатысты қоғам белсенділері  бірауыздан үн қосып, белгісіз біреулердің қанжығасында кетіп бара жатқан жердің киелі қарашаңыраққа қайтарылуын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Солардың бірі - қоғам белсендісі әрі белгілі продюсер  Серік Аббас-шах. Оның айтуынша, ҚазҰУ қалашығы - тарап кеткен колхоздың бөліске салатын жері емес, қазақ елінің жүз мыңдаған зиялысы білім алған үлкен қара шаңырақ. Оны «қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай» сақтауымыз керек.

«Бұға берсең сұға береді» дейді қазақтар. Соңына дей күресейік, ағайын! 
Онсыз да олардың алмағаны жоқ, сатпағаны қалмады. Бәріне өзіміз кінәліміз. Үнемі үсіз отырдық. “Сен тимесең, мен тимеймін” деп өмір сүрдік. Енді келіп, ойбай ай, елдің байлығы анда кетіпті ғой, мында кетіпті ғой деп күңіренген кейіп танытамыз. Сол байлықты әділ бөлуді талап етпедік қой, кезінде... Әділдік жаңбыр емес, көктен жауа салатын. Оны іздеу керек, қорғау керек. Бәрін құртатын өзіміздің немқұрайлылығымыз. 

ҚазҰУ қалашығы - тарап кеткен колхоздың бөліске салатын жері емес, қазақ елінің жүз мыңдаған зиялысы білім алған үлкен қара шаңырақ. Оны “қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай” сақтауымыз керек. Өзіміз үшін емес, өзімізден кейінгі ұрпақ үшін...

Оқи отырыңыз: «Қожамқұлов, Жұмағұлов және Мұтановты қамауға тура келеді» - заңгер

Менің жазған пікірімнен не өзгереді, бұл жазбаны бөліссем бірдеңе өзгере ме деп ойласаңыз, қателесесіз. Басты салбыратып отырсақ, шынымен де өзгермейді. 

КазМҰ (КазГу) түлегі, Алматы тұрғыны, Қазақстан азаматы! Кім болсаңыз да қалыс қалмаңызшы!

Бөлісіңіз! Пікір қалдырыңыз! Тарт қолыңды ҚазҰУ-нен деп талап етіңіз! 
Ұлы өзгерістер осындайдан басталады!», -  , деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары