$ 449.58  486.94  4.86

«Ипподром жерін саябақ қылып, Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынамын» - Айгүл Орынбек

Біздің қаламызда ғана Елбасы атындағы саябақ жоқ!
Фото: total.kz
Фото: total.kz

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласындағы көрікті жерлердің бірі – ипподром аумағын ту-талақай етіп, саудаға салудан сақтап қалудың жолын атады. Ол үшін белгісіз біреулердің көз құрты болып отырған ипподром жерін саябаққа айналдырып, оған өзге емес Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, ипподромды сақтап қалудың бұдан басқа жолы жоқ. 

«Нұрсұлтан Назарбаев атауын берейік!

Ипподром жерін саябақ қылып, Нұрсұлтан Назарбаев атауын беруді ұсынамын!
Елбасы Жасыл аймақты көбейту керек екенін үнемі айтып отыратын!
Шымкент қала әкіміне басқаша жеткізу мүмкін емес!

Халықтың үнін тыңдағысы, тіпті құлағына ілгісі де келмейді!
Мүмкін Елбасымыздың атын берсек Жасыл аймақтағы жерді аман алып қалармыз!
Елбасының арқасында ең болмаса таза ауамен демалып отырайық! Әлде Әкім Елбасыға қарсы шыға ма?

Оқи отырыңыздар: «Әйтенов Шымкенттің быт-шытын шығарып жатыр» - Айгүл Орынбек

Қаламыздың өкпесін аман алып қалайық!
Шымкент қаласының «Нұр Отан» партиясының депутаттары мені қолдайсыздар ма? Қолдасаңыздар онда сол жерге, ат шаптырып «Жеңімпаздар форумын» өткізуді де ұсынамын.
Біздің қаламызда ғана Елбасы атындағы саябақ жоқ!

Пысы: Нұрбот десеңдер дей беріңдер, ең бастысы саябақ қалса болды!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары