$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанның бар байлығы Қытайға сатылып кетті» - саясаткер (ВИДЕО)

Кен байлығының бәрін шетелдің және қытайдың инвесторларына сатып, құр қол қалды. Енді шетелдің айтқанына телміруге мәжбүр.

Қазақстан экономикасы «жеңіл жүрісті» әйелдің қылығына ұқсайды. Кен байлығының бәрін шетелдің және қытайдың инвесторларына сатып, құр қол қалды. Енді шетелдің айтқанына телміруге мәжбүр. Қазақстан экономисі Петр Своик Правда басылымына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп жазады bugin.kz порталы.

Экономисттің айтуынша, қазақстанның да, ресей билігінің де оңып тұрғаны шамалы.
Қазақстан билігі өзінің оппозициясын түрмеге тығып, бар байлығын шетелдің қолына беріп жіберді.

«Сіздер (ресей билігі – ред.) өздеріңіздің Ходорковскийлеріңізді түрмеге жаптыңыздар. Ал біздер бар ресурсты шетелдіктерге беріп жібердік, енді біздің экономикамыз соларға қарап, солардың айтқанын істейді», - деді Своик.

Экономисттің айтуынша, Мәскеу мен Нұр-Сұлтан билігі бас қосып экономикалық саясат ұстануы тиіс. Сонда қазақстан экономикасы "жеңіл жүрісті" әрекеттен тез алыстап, тұрақты даму жолына түсе алады.

«Мәселен, Екібастұз көмір алабы Ресейге электр энергиясын тасымалдайды. Егер Ресей одан бас тартса, Қазақстанға қиын болмақ. Қазақстан мен Ресей экономикалық интеграциясын күшейтуі тиіс. Әйтпесе, екі тарапқа да қиын болады», - дейді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары