$ 443.85  474.3  4.8

«Мыналар мені пара алуға үгіттеп жатыр»: белгілі заңгер Шпекбаевтың атына үндеу жолдады

Бұлар енді ақша ұсынып, одан кейін кетіспейік деп угроза жасауға көшті!
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Шымкент қаласындағы ипподром дауы мүлдем басқаша сипат ала бастады. Қала әкімдігі мен BI group компаниясы ипподром орнына алып құрылыс салуға табанды түрде қарсылық білдіріп жатқан белсенділерді сатып алуға кіріскен сыңайлы. Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, BI group компаниясының өкілдері араға адам салып, «келіссейік!» дегендей сыңай танытып, пара беруге үгіттеген. Айтпақшы, заңгер бұған дейін өзіне әкімшілік тарапынан қысым жасылып жатқанын мәлімдеген болатын. 

«Ипподром айналасындағы дау жаңа сатыға өтті!

Маған бүгін таныс досым Erbol Dairashov келіп BI group атынан ұсыныс айтты!
«Келісейік, не айтасың, ашық айт. BI-мен бір келісімге кел, кетіспейік» - дейді...

Қазақ жігіттері осыншама майдаланып кетеді деп ойламадым!

Маған ақша ұсынып отырсың ба?
Дәл қәзір ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің МО департаментіне арызданам. Сендер маған ақша ұсынуға көштіңдер ме?
Осындай деңгейге түстіңдер ме?
Пара алу - арымды сатумен бірдей деп орнымнан тұрып кетуге мәжбүр болдым!» , -  деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа осы мәселеге байланысты нақты шара қолдануын сұраған. 

«Алик Шпекбаев мырза, Шымкенттегі ипподром жерінде салынатын тұрғын үй құрылыс мәселесін өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!

Бұлар жан-жақтан өз ойымызды ашық айтқаным үшін қыспаққа алып, келісейік деп ақша ұсынып, одан кейін кетіспейік деп угроза жасауға көшті!

Міне бұлардың деңгейі «митинг ұйымдастырмақшы болдың» деп полицияны жібереді, «келісейік, кетіспейік» деп таныс досыңды жібереді!

Достыққа қастандық дейді бұны!
Досыңды параға итермелеу, «арыңды сат!» дегенмен бірдей!», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары