Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында Алматыдағы 4 адамның өмірін қиған ұшақ апатына қатысты пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, бұл қайғылы жағдайға да да елдегі шектен шыққан жемқорлық себеп болған.
«Авиациалық мереке күні, авиациялық апат!
Соғыс болмай мереке күні төрт азаматтан айрылып жатырмыз, соғыс болса қырылып қалады екенбіз!
Балаларымызға Ұлтқа қызмет жаса деп қалай айтамыз?
Бейбітшілік заман да осылай өле берсе?!
Сыбайластық пен жемқорлық ұштасқан елдің техникалары бұзылғыш,сынғыш, құлағыш келеді.
Мемлекет тарапынан беретін қаражат балаға әкенің, анаға баланың орнын толтырмасы анық!
Иманды болсын, Отбасыларына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Алматы қаласы маңында әскери ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Әуе борты апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы әлі ауыр.