$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде әлеуметтік желіні бақылайтын заң қабылдануы мүмкін

Шетелдік саясаткерлердің арасында сепаратизм белгілері бар жалған ақпарат тарататындар да бар.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов парламенттік тыңдау барысында әлеуметтік желілерді бақылауды ұсынды, деп жазады holanews.kz.

«Әлемде теріс идеологиялық вирустар таралып жатыр. Жалған ақпарат вирусты тез таратады. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау керек деп есептейміз», — деді депутат.

Оның пікірінше, бұл «сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желілер жүйесін заңнамалық тұрғыдан бекіту және жауапкершілікті арттыру үшін». Жаһандану жағдайында жастар батыстың жағымсыз топтарының ықпалына қалай түсетінін байқамайды. Осылайша, технологиялар қоғамдық санаға әсер ететін құралға айналады.

«Жусан» операциясының нәтижелерін жақсы білеміз. Біздің 590 азамат Сириядан оралды, олардың 406-сы балалар», — деді ол.

Сенатордың айтуынша, шетелдік саясаткерлердің арасында сепаратизм белгілері бар жалған ақпарат тарататындар да бар. Қазақстан осы сын-тегеуріндерге дайын болуы және ұлттық құндылықтарды қорғауы тиіс.

«Біз үшін өзіміздің ұлттық мүдделеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды қорғау – маңызды байлық», — деп түйіндеді Жұмағұлов.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау ұсынылған болатын. Бірақ сөз бостандығы мен әлеуметтік желілерді қатаң реттеу қаупі бар екені айтылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары